06 қар, 2020 сағат 11:45

Қырғызстанда 25 млн сомның ұялы телефонын Қазақстанға заңсыз әкетпек болған

Қырғыз Республикасының экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі (ЭҚКМҚ) Қазақстанға жалпы құны 25 млн сом болатын ұялы телефондарды заңсыз әкету әрекетін анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Аламудун және Ыстық-Ата аудандарының ЭҚКМҚ Мемлекеттік шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп елге тауарларды заңсыз әкету мен әкелуді анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған іс-шараны жүргізді.

Соның барысында «Ақ-Тілек Автожол» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға тауарды заңсыз әкетпек болған «Lexus GX470» маркалы автокөлік ұсталды. 

Аталған автокөлікті тінту кезінде жалпы құны 25 миллион сом болатын қымбат ұялы телефондар табылды. Олардың маркасы: Айфон 12, Айфон 11, Айфон 10, Айфон 7, Айфон 6, Айфон SE, Айфон қаламдары, Айфон, Самсунг Z, Редми 9, Поко Х9 құлаққаптары - 20 дана. 

Аталған факті тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.