04 нау, 2021 сағат 12:10

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Facebook-тегі аккаунты бұзылды

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын әлдебіреулер бұзған. Бұл туралы ол жеке аккаунтында ескерту қалдырды. 

«Құрметті қырғызстандықтар! 

Біреу менің парақшама кіріп, менің атымнан пікір қалдырып жүр екен. Мен әуелде оны фейк парақшалар ма деп ойлап ем, жеке парақшам болып шықты. Көмекшімнен сұрап ем, олар бұған қатысы жоғын айтты. Қазір менің бұрынғыдай Интернет қарауға уақытым да жоқ. 

Facebook-ті ғана бұза ма, әлде «Одноклассники» мен Instagramды да ма?» деп жазылған хабарламада.