Фото: Кабар
Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров отставкаға кетті, деп хабарлайды Kazinform «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін ол министрлер кабинеті аппаратымен қоштасты.
Министрлер Кабинетінің Telegram арнасында президент әкімшілігі қызметкерлері оны қалай шығарып салғаны туралы бейне жарияланды.
Ақылбек Жапаров Министрлер кабинетінің басшысы қызметін 2021 жылдың қазан айынан бері атқарды.
Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараны белгілеу жұмыстарын аяқтағаны туралы жазған едік.
Тараптар келісімге келіп, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының қалған бөліктерін белгілеу жұмыстарын толық аяқтады. Үкіметтік делегациялардың жұмыс топтарына қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялаудың қорытынды құжаттарын рәсімдеуге көшу жөнінде тапсырма берілді.