25 мам, 2022 сағат 09:49

Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын 270 метрлік құпия туннель табылды


© facebook/gknb.official

Қырғызстанның Қара-Суй ауданына қарасты Тельман ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жалпы ұзындығы 270 метр жерасты туннелі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздігі комитетіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, туннель 15 метр тереңдікте қазылған, кіреберістің өлшемдері - 1,8 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейінгі қашықтық - 40 метр.

"Жоғарыда аталған туннель табылған учаскенің иесі қазіргі уақытта Жалал-Абад облысының Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында жатқанына байланысты есі дұрыстығына сараптама жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қару-жарақ пен қылмыс объектілері тәркіленіп жатыр", - делінген ведомствоның Facebook-тегі жазбасында.