Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстандық дипломаттар Қырғызстан тарапынан оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпаратқа ресми түрде сұрау салды. Біздің елшілік тарапынан оқиғаның барлық егжей-тегжейін анықталғаннан кейін тиісті шаралар, соның ішінде құжаттарды рәсімдеу және марқұмның денесін отанына алдыру жұмыстары жасалатын болады», - деді Айбек Смадияров.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстанның шекара және консулдық қызметтері тиісті шараларды жүргізуде.
Еске салсақ, Қырғызстан шекарасындағы атыстан бір адам мерт болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.