Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қырғыз Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Алматы-Нұр-Сұлтан әуе рейсі апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қырғыз халқы мен өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілтестік білдіреміз»,-делінген көңіл айту жеделхатында.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.
Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.