13 мау, 2024 сағат 12:51

Квазимемлекеттік секторлардан игерілмеген 383 миллиард теңге анықталды – Смайылов

Сурет: ҚР үкіметі

Сенат отырысында жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов квазимемлекеттік сектор субъектілері 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаржы алғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ал олардың пайдаланбаған қаражаты жыл қорытындысы бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өскен.

Бұдан бөлек, игерілмеген тағы 383 миллиард теңге анықталған. Бұл қаражат квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлініп, шоттарда орналастырылып, алайда, пайдаланылмаған.

"Квазимемлекеттік сектордың бюджетті жоспарлау және оны орындау кезінде қаражатты игермегені және төмен нәтижесі үшін мемлекеттік органдармен тең дәрежеде парламент алаңында жауап беретін уақыты келді", – дейді Смайылов.


Сонымен қатар ол қаражатты бақылау шоттарында жылдар бойы жинамай, экономикаға және қазақстандықтардың игілігі үшін пайдалану керек екенін айтады.