14 мау, 2024 сағат 15:57

Құрылыс қарқын алды: Жамбыл облысына жаңа химиялық кешен салуға 900 тонна металл әкелінді



Жамбыл облысында «ЕуроХим» компаниясының химиялық кешенінің құрылысы қарқын алды. 

Жақында Жаңатасқа 37 ауыр жүк тралы 900 тоннадан астам болат пластиналар мен металл конструкциялар әкелді. Олардан күкірт қышқылын сақтауға арналған резервуарлар жасалады.

Күкірт қышқылын өндіру – әлемдік минералды тыңайтқыштар нарығы көшбасшыларының бірі «ЕуроХим» компаниясының үш кезеңнен тұратын ауқымды жобасының екіншісі. Бірінші кезең аясында инвестор жылына 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешенін салып, пайдалануға берді.


Қазір компания жылдам қарқынмен жаңа өндірістің нөлдік циклінің жабдықтарын тұрғызып, орнатып жатыр. Құрылысшылар мен инженерлер күн суықта аймақта жиі дауыл болатынын ескеріп, жаз мезгілін тиімді пайдалануға тырысып жатыр.

«Күкірт қышқылы зауытының өнімдері «ЕуроХим» қажеттілігіне ғана арналмаған. 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» уран бағасының өсуіне қарамастан, уран өндірісін қысқартуға мәжбүр болды. Бұған күкірт қышқылының жетіспеушілігі себеп – шикізат өндіруде ұлттық компания қолданатын негізгі реагент тапшы», – дейді саясаттанушы және «Кемер Арна» ҚҚ директоры Замир Қаражанов.


Күзде алаңда күкірт қышқылын сақтауға арналған төрт резервуар орнатылады. Оны «ЕуроХим» қос байланыс және қос сіңіру әдісімен жергілікті қазақстандық күкірттен жасауды жоспарлап отыр. Бұл әлемнің түрлі өнеркәсіптік алаңында ондаған жыл бойы сыналған дәстүрлі технология.

Бұл ретте, компания өндірісті барынша цифрландыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде «ЕуроХим» өзінің барлық жобасында озық технологияларды енгізіп жатыр. Жаңатастағы химиялық кешенді жасанды интеллект негізінде басқару жүйесімен жабдықтау жоспарланған. Осылайша, болашақ зауыттың қызметкерлері күнделікті өндірістік операцияларды машинаға ауыстыра алады, бұл өмірге қауіп төндіретін аумақтарда еңбек қауіпсіздігін едәуір арттырады.