Фото: Видеодан скриншот
Петропавлдағы мектеп асханалары жаппай тексеріліп жатыр. Ата-аналар, қоғам белсенділері, медицина қызметкерлері мен білім беру бөлімінің мамандарынан құралған комиссия өз жұмысын бастады. Бұл туралы Ult.kz тідшісі КТК аранасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кешенді тексеріске мектеп асханасындағы тазалық жоқтығы түрткі болған. Мәселен, өткен аптада қаладағы Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының асханасына қатысты шу шықты. Мұнда оқушыларға берілген тағамнан құрт-құмырсқа шыққан. Осыдан кейін ата-аналар арыз жазып, аалмыш мәселе облыс басшысының құлағына жетіпті.
Тіпті оқушыларға дәм-татығы жоқ ас-ауқат беретін мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал құрт-құмырсқа қосылған тағам ұсынған кәсіпкермен келісімшарт бұзылады. Айнагүл Сұрағанова, СҚО білім беру басқармасының басшысы:
— Тамақтандырумен айналысатын кәсіпкермен келісімшартты бұзу басталып кетті. Бір-екі күнде осы мәселе шешіледі. Басқа кәсіпкерлер шақырылып, конкурс болғанша тамақтану жүйесін жалғастырады. Білім басқармасына ата-аналардан бірнеше шағым түсті. Осыған байланысты СЭС департаментіне арнайы арыз жасалып, бақылауға алынды.
