11 там, 2021 сағат 15:35

Құрғақшылықтан зардап шеккен батыс өңіріне 177 вагон шөп жеткізілді


«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы еліміздің құрғақшылықтан зардап шеккен батыс өңіріне 177 вагон шөп жеткізіп берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылғы шілдеде және тамыздың 9 күнінде Маңғыстау облысына престелген шөбі бар 177 вагон жеткізілді. Жүк жөнелтушілер өтінімдері бойынша тамыз айына тасымалдауға тағы 164 вагонды тиеу жоспарланған. 

«Пішен Атбасар, Арқалық, Қарағанды, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Орал, Шымкент және т.б. станциялардан жөнелтіледі. Жеткізілетін станциялар – Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқалары. Негізінен шөп «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны – «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі вагондарға тиеледі»,-делінген хабарламада.