Тоғыз күн бойы елордада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған әлемдік додада Нұр-Сұлтанға әлемнің 104 елден 1003 балуан келіп, 30 медальдар жиынтығын сарапқа салды.
Сондай-ақ, күрестің әр түрінен (грек-рим, әйелдер және еркін күрестен) бір салмақтан Олимпиада ойындарына 6 балуан жолдама алды.
Осыған дейін Қазақстан балуандары күрес түрлерінен елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған додала 7 медаль, 8 жолдама жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Енді, назарларыңызға 104 мемлекеттен қай ел ең көп Олимпиада жолдамасын жеңіп алғанын ұсынамыз.
Жалпы, грек-рим күресінен 21 елдің балуандары жолдамаға иелік етті. Оның ішінде ең көп жолдамаға Ресе, Иран, Өзбекстан және германия балуандары ие болды.
Әйелдер күресінен 2 мемлекеттің балуандарына Олимпиада жолдамасы бұйырды. Олардың ішінен ең Олимпиада жолдамасын Жапония құрамасы жеңіп алды. Ал еркін күрес шеберлерінен Олимпиада жолдамасын 22 мемлекеттің балуандары өзара бөлісті. ең көп жолдамаға Ресей иелік етсе, екінші көп жолдаманы Қазақстан балуандары иелік етті.
Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарына жолдама алған елдер:
1. Ресей - 3 жолдама
2. Иран - 3
4. Өзбекстан - 3
5. Германия - 3
6. Қазақстан - 2
7. Украина - 2
8. Куба - 2
9. Сербия - 2
10. Венгрия - 2
11. Армения - 2
12. Түркия - 2
13. Грузия - 2
14. Жапония - 1
15. Дания - 1
16. Египет - 1
17. Швеция - 1
18. Беларусь - 1
19. Қырғызстан - 1
20. Польша - 1
21. Эстония - 1
Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарына жолдама алған елдер:
1. Жапония - 5
2. Қытай - 4
3. Қазақстан - 2
4. Украина - 2
5. О. Корея - 2
6. Польша - 2
7. Швеция - 2
8. АҚШ - 2
9. Германия - 2
10. Әзірбайжан - 1
11. Румыния - 1
12. Ресей - 1
13. Грекия - 1
14. Нигерия - 1
15. Беларусь - 1
16. Молдова - 1
17. Қырғызстан - 1
18. Болгария - 1
19. Венгрия - 1
20. Монғолия - 1
21. Эстония - 1
22. Үндістан - 1.
Еркін күрестен Олимпиада ойындарына жолдама алған елдер:
1. Ресей - 5
2. Қазақстан - 4
3. Үндістан - 3
4. Түркия - 2
5. Иран - 2
6. Жапония - 2
7. АҚШ - 2
8. Грузия - 2
9. Сербия - 1
10. Венгрия - 1
11. Монғолия - 1
12. Италия - 1
13. Франция - 1
14. Швейцария - 1
15. Колумбия - 1
16. Сан-Марино - 1
17. Әзірбайжан - 1
18. Македония - 1
19. Украина - 1
20. Өзбекістан - 1
21. Қытай - 1
22. Сирия - 1.