04 қаз, 2021 сағат 22:33

Күрекпен ұрып соққан: Полиция Ақтаудағы төбелеске түсінік берді


Ақтауда ер адамдар арасында төбелес шығып, бірін-бірі күрекпен аяусыз ұрып соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған таспада бірнеше ер адам жерде жатқан адамдарды күрекпен ұрғаны көрініп тұр. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 6-шағынаудандағы «Тандыр Хаус» кафесінің жанында болған. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжал алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін басталған. 

«Шамамен сағат 16:30-да Ақтау полиция басқармасы 102 кезекші пультіне тұрғындардан 6-шағынаудандағы 37-үйдің маңында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Келген полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстап, Ақтау полиция басқармасына жеткізді. Төбелес тұрмыстық жағдайда болғаны анықталды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу жалғасуда.