Жамбыл облысында құрбысының үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Т.Рысқұлов ауданының полиция бөліміне Б.Нурпеисова есімді азаматша арызданып, белгісіз біреу үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткендігін хабарлаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Т.Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесінің тәжірибелі және сапалы тергеу амалдарының жүргізуінің нәтижесінде 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы ұрлық жасағаны толықтай дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.