Шекарашылар құрамында алтыны бар кенді заңсыз шығару әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
18 қарашада шекарашылар «Қайрақ» (Қостанай облысы) автомобиль өткізу пунктінде алдын ала бағалау бойынша жалпы сомасы 466 440 500 теңгені құрайтын құрамында алтыны бар 18 500 килограмм кенді Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Ұсталған жүк іс жүргізудің шешімін қабылдау үшін тергеулігі бойынша Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.
Бұған дейін 27 шілдеде осы өткізу пунктінде «кварцит» түріндегі «құрамында алтыны бар кенді» әкету әрекеті тоқтатылды.
Жүргізуші ҚР азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, уәкілетті органдар тергеуге дейінгі іс-шараларды жүргізіп жатыр.