Жартылай орта салмақта IBO чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) badlefthook.com басылымына берген сұхбатында Эдди Хирнге тиесілі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясында неге қалмағанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
"Matchroom-де қалатын едім, бірақ ұсыныстағы шарттары құл етеді. Былай қиын емес. Жылына 100 мың доллар төлеу керекпін, ең атақты боксшылар: Конор Бенн, Верджил Ортис немесе Эррол Спенспен шығып жатсам да. Мұндай боксшылармен шықсам, ондай айқас төлеу керек соммамнан алты-жеті есе артық пайда әкеледі! Алайда мен гонорарды арттыруға мүлде құқым жоқ екен.
Фрэнк Уоррен мен Эл Хеймон сияқты промоутерлермен қуана жұмыс істер едім, бірақ, олардың өз боксшылары мен міндеттері бар. Қазақстандық болғандықтан менің ісімді ешкім жүргізгісі келмейтін сияқты. Көңілден шығатын нұсқа күтіп жүрміз. Бұған уақыт керек сияқты.
Менің стилім кей промоутерлерге келмейтінге ұқсайды. Мәселен, Эдди Хирн мен сияқтыларға қарағанда панчерлерді ұнатады. Жанкүйерлер үшін де боксшының танымал болғаны ұнайды, алайда, қазақтар өзін жарнамалай бермейді. Атыңды шығару үшін трэш-токер болу керек сияқты, бірақ, бұл менің мінезіме жат дүние", - дейді ол.
Айта кетейік, Эдди Хирн қазіргі таңда өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің айқастарын ұйымдастырумен айналысып жүр.