"Қазақтелеком" әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Қуанышбек Есекеев жұмыс орнында. Бұл туралы компанияның коммуникациялар департаментінің директоры Сара Бәкірова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші басшы жұмыс орнында. Бүгінге кеңестер, оның ішінде құрамына Қуанышбек Есекеев кіретін "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесін өткізу жоспарланған", - деді Бәкірова.
Сондай-ақ, ол компания кеңселеріндегі ықтимал тінту туралы ақпаратқа жауап беріп, мұндай іс-шараларды өткізу және оларға түсініктеме беру тек құқық қорғау органдарының құзырында екенін айтты.
