24 қаз, 2024 сағат 15:56

Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан прокурорлар марапатталды


Фото: Бас прокуратура


Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар - Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков - Республика күніне орай марапаттарға ие болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар прокурорлардың заңдылықты және құқық тәртібін нығайтудағы еңбегі мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Сондай-ақ, Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Қадағалау органы мәліметінше, бас прокурордың ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Аймағанова мен Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.