«КТК» арнасының Оңтүстік Қазақстандағы тілшісі Марина Низовкина мен “Южный Казахстан” газетінің қызметкері Ирина Абрамованың мына “қылықтарына” қарап, кәдімгідей ашуланады екенсің.
Әнұранымызды менсінбей, мелшиіп тұрғандары «асыңды ішіп, аяғыңды тебейін» дегенге келетіндей. Неге олай істеді? Меніңше, шовинистік пиғылмен әдейі істеп тұр. Білмей қалды дейтіндей де емес. Екеуі де білдей БАҚ-ның өкілдері. Мұндай жиынға да бірінші рет келмегені анық. Ережеге сай, жұртпен бірге қолдарын кеудесіне қойса, жүректері тоқтап қалар ма еді? Бүйте берсе, ел арасында ұлтараздықты тудырмасына кім кепіл? Бұлар үшін басқа заң жазылған ба, әлде?
Бүгін – екеуіне, ертең тағы бірнешеуіне осылай істетіп қойып, басындыра бермей, арнайы орындар қадағаласа екен, – деп жазады Нұрбол Орымбай.
ЗАҢ БЫЛАЙ ДЕЙДІ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңы
9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау тәртібі
1. Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
Видео: Әсет Әссанди