Фото: ашық дереккөз
Португалиялық ойыншының жалпы байлығы 1,4 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Екінші орында – Лионель Месси ($650 млн),
Үшінші орында – Неймар ($550 млн).
Криштиану Роналду тек байлығымен ғана емес, спорттағы жетістігімен де ерекшеленеді. Ол:
- - Футбол тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы;
- - Instagram желісінде ең көп жазылушысы бар адам;
Әлемнің үздік клубтарында ойнаған футболшы «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» және «Аль-Наср» сапында маңызды трофейлерге қол жеткізген.
