04 мау, 2024 сағат 11:28

Криштиану Роналду "Реал Мадридке" ауысқан Мбаппені құттықтады


Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду франциялық ойыншы Килиан Мбаппенің "Реал Мадридке" ауысуына қатысты пікірін жазды. 

Кеше, 3 маусымда Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық "Реал Мадрид" командасының ойыншысы атанды. 25 жастағы футболшы мадридтік командамен 5 жылға келісімшартқа отырды. Мбаппе Instagram желісіндегі ресми парақшасына ескі суреттерін жариялап, арманы орындалғанын жазды. 

Бұл жазбаның астына Криштиану Роналду пікір қалдырды. 

"Енді мен сенің өнеріңді тамашалаймын. "Сантьяго Бернабеу" стадионында атой салатыныңды көруге асықпын. Алға, Мадрид!", - деп жазды Роналду. 


Килиан 2017 жылдан 2024 жылға дейін франциялық "ПСЖ" футбол клубында ойнады. Ол жеті жыл ішінде Франция чемпионатын алты рет жеңіп алды, төрт рет Франция кубогының, үш рет ел Суперкубогының, екі рет Франция лигасы кубогының жеңімпазы болды. Франция құрамасымен бірге Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионы атанды.