Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду футбол тарихындағы үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Туриндік «Ювентус» намысын қорғайтын Роналду Италия суперкубогы финалында «Наполи» клубының қақпасына өзінің спорттық жолындағы 760-ыншы голын соқты.
Бұған дейін рекорд чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицанға тиесілі еді. Ол 1931-1955 жылдар аралығында 759 голдың авторы атанған еді.
«Наполимен» өткен матчта Роналду 64-минутта есеп ашты.
94-минутта Альваро Мората ойын нүктесін қойды – 2:0.
Осылайша жас жаттықтырушы Андреа Пирло баптайтын «Ювентус» Италия суперкубогын тоғызыншы рет ұтып алды.
К.Роналду лиссабондық «Спортинг», ағылшындық «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал», «Ювентус» және Португалия құрамасы сапында 1036 кездесу өткізді.