06 мау, 2022 сағат 14:44

Криштиану Роналду әлемдік рекордты жаңартты


"Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан футболшы атанып, әлемдік рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Sporting News.

Кеше ол ұлттық құрама сапында Швейцария құрамасының қақпасына екі гол соқты. Осылайша, Роналду ұлттық құрамадағы голдар бойынша өз рекордын жаңартты. Қазір оның қоржынында 117 гол бар. Бұл - әлем бойынша ең үздік нәтиже.

Екінші орында Иран құрамасының бұрынғы футболшысы Әли Даеи тұр, оның есебінде 109 гол бар. Тізімде үшінші орынды Малайзия құрамасының ойыншысы Мохтар Дахари иеленді, ол 89 гол соққан.