08 ақп, 2022 сағат 14:08

Криптовалюта тимділігі мардымсыз екенін көріп отырмыз - Мемлекет басшысы


Цифрлық майнингтің рөлін жылы жауып қоюға болмайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық майнингтің рөлін жылы жауып қоюға болмайды. Криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мардымсыз екенін көріп отырмыз. Жаппай жұмыс орындары ашылып жатқан жоқ, өйткені шығарып жатқан материалдық өнімі де жоқ. Оған қоса бұл сала бірнеше облыстың тұтынатын энергиясын тұтынады. Жекелеген жосықсыз майнерлер жасырын тарифтерді пайдаланып отыр. Ол тарифтер халыққа арналған тарифтерден де төмен. Салық та, елге әкелінетін мүліктерге мемлекеттік баж да төленіп жатқан жоқ», - деді Мемлекет басшысы. 

Президент бұл мәселені реттеуді Қаржылық мониторинг агенттігіне тапсырды.

«Ең бастысы, елдің ресурстарын барынша пайдалана отырып, бұл кәсіпкерлер басқа юрисдикцияларда ақша табады. Мен Қаржылық мониторинг осы жағдайды егжей-тегжейлі зерттеуді сұраймын»», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.