26 қыр, 2019 сағат 10:19

ҚР Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесу өткізді

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан СІМ басшысы Махмуд Куреши, Кипрдің СІМ басшысы Никос Христодулидис, Норвегияның СІМ басшысы Инэ Сёрейде, Хорватияның СІМ басшысы Гордан Грлич Радманмен жеке-жеке келіссөз өткізді.

Кездесулер барысында Қазақстанның осы мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды.