20 шіл, 2020 сағат 10:08

ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды

Олжас Құдайбергенов ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.