Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ал, Айдос Ыдырысұлы Үкібай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.