30 сәу, 2019 сағат 15:17

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жаңа директоры тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Сондай-ақ, бұған дейін осы қызметті атқарған Александр Юрьевич Тараков лауазымынан босатылды.