09 шіл, 2020 сағат 10:15

ҚР Президенті жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды. "Ұлт ақпарат" бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын», - делінген Қ.Тоқаев қол қойған құжатта.