11 жел, 2019 сағат 18:08

ҚР Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасымен кездесуде Қазақстан Президентіне жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының 2019 жылдың 11 айындағы қорытындылары, инфляция динамикасы, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің ахуалы туралы баяндалды.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияға байланысты болжамдарды, 2020 жылға арналған ішкі жалпы өнімнің өсуі және төлем балансының ағымдағы шоты бойынша жорамалдарды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.