26 там, 2019 сағат 23:16

ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры тағайындалды

Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.