Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары туралы жиынға қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның сөзіне қарағанда, облысқа көп жылдардан бері жасалған сапарлар облыста ірі өнеркәсіп компанияларының инженерлік құрамы жақсарып келетіндігін көрсетті.
«Өнеркәсіп облыс экономикасының 50 процентіне жуығын алып жатыр. Құрылыс 30 процентке артты. Бүкіл Қазақстанда осылай», - деді Елбасы.
Бұдан тыс, Мемлекет басшысы Астанадан Павлодарға дейін бірінші класты автобан салынып жатқанын айтты.