20 нау, 2019 сағат 10:06

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру рәсімі (Live)

Елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, Сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысып отыр.

Айта кетейік, ҚР Конституциясының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына көшеді. Сонымен қатар дәл осы бапта өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға өзінің өкiлеттiгiн тапсыратындығы көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі. Үшінші, төртінші сайланымдағы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, Қарусыздандыру конференциясының Бас хатшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылғы 16 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалып, Сенат Төрағасы болып сайланды. 2017 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының отырысында Президенттің ұсынысы бойынша жасырын дауыс беру арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сенаттың төрағасы болып қайтадан сайланды.