ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға коронавирустан тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!», деп жазды Президент Twtitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.