20 жел, 2016 сағат 11:12

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен аймақтарға бюджеттен бөлінген қаржыны уақытылы игеруді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында орталық мемлекеттік органдар басшылары мен аймақ әкімдерінің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есептерін тыңдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Премьер-Министр оқылған баяндамалар бойынша экономикада жақсы көрсеткіштер байқалатынын, жыл басымен салыстырғанда барлық өңірлерде оң үдерістер бар екенін атап өтті.

Б. Сағынтаев жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ 0,5% деңгейінде жоспарланғаны, бірақ қазір ол 0,8%-ды құрайтынын еске салды.

«Бүгін біз тыңдаған барлық баяндамалар жылды 1%-дық ЖІӨ деңгейінде аяқтауға мүмкіндігіміз бар екенін көрсетеді», - деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.