Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның толық мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.