Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.