15 қыр, 2016 сағат 18:07

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып Майкеев Мұрат Жәлелұлы тағайындалсын", - делінген жарияланған хабарламада.

Осыған дейін ҚР Қорғаныс министрі болып Жасұзақов Сәкен Әділханұлының тағайындалғаны хабарланған болатын.

Ұлт порталы