Талғат Мұхтаров ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.