02 там, 2016 сағат 10:31

ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне министрдің жаңа кеңесшісі тағайындалды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне министрдің жаңа кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

"Белгілі тележурналист, қоғам белсендісі Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды. Бүгіннен бастап ол министрдің кеңесшісі болып тағайындалады - осы ведомствоның қоғаммен байланыс бөлімінің орынбасары қызметі", - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, ол министрліктің құрылымында Ақпаратпен қамтамасыз ету департаментін құру жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Айта кетейік, министрліктегілер осы департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтуді мақсат етіп отыр.

"Кәсіби журналистика саласында жинаған тәжірибесін Берік Уәли мемлекеттік қызметте тиімді пайдалана алды. Осы қызметке дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, "Нұр Отан" партисы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды", - деді министр.