15 мам, 2020 сағат 11:34

ҚР ІІМ: Түркістан облысында жағдай тұрақтанды

Жауын-шашынның мол жаууы салдарынан тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басқан және автомобиль көпірлерін су шайған Түркістан облысының елді мекендерінен су сорып шығарылды. Жағдай тұрақтанды. Эвакуацияланған адамдар өз үйлеріне оралуда.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі 

Қазіргі уақытта Леңгір ауданында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар суды сорып шығару және арықтарды, көшелерді тазалау жұмыстарын жүргізуде. Материалдық залалды бағалау үшін аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде. 

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 52 адам, 27 мотопомпа және 15 бірлік техника мен жергілікті атқарушы органдардың құрамынан 241 адам мен 33 бірлік техника жұмылдырылды. 

Мақтаарал ауданында Нұрлыжол, Фердоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінде 1030 үй су астында қалды. Қорғау бөгеттерін тұрғызу, су басқан аумақтардан суды сорып шығару және халықтың мүлкін эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. 

Бүгінгі күні 6,2 млн. астам текше метр су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды, 87 000-нан астам қап төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды. 

«Өргебас ауылында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды. Сондай-ақ өңірде су тасқынынан зардап шеккен халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде. Тәулік бойы ІІМ, Қорғаныс министрігі, Төтенше жағдайлар қызметінің 1626 қызметкері мен 324 бірлік техника, 17 жүзу құралы, 217 мотопомпа жұмысын жалғастыруда»,-делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінде.