ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған лауазымды атқарған С. Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.
Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.
Түрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «XXI ғасыр көшбасшысы» жастар орталығы» РҚБ, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi» АҚ еңбек еткен.
2010-2011 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары.
2011-2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2014-2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен.