01 қар, 2019 сағат 19:35

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Меломан» дүкендер жүйесімен бірге байқау жариялады

Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруды кітап дүкендерінің ірі жүйесі қолдап, «Кітап оқып, рухани бай бол!» республикалық байқауының бас серіктестерінің бірі болды.  

Mega Silk Way сауда орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Меломан» компаниясының өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

«Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыттарының бірі «Білімнің салтанат құруы» екендігі және осы бағыттың тұлғаның әрі қарай дамуына, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретіндігі белгілі. Осы ретте кітап оқудың маңыздылығы ерекше. Сондықтан да жобаның бас серіктестерінің бірі – «Меломан» компаниясы болып отыр», - деп Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин атап өтті. 

WhatsApp Image 2019-11-01 at 10.43.33.jpeg

«Меломан» компаниясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Анна Валентованың пікірінше жалпы қазақстандық қоғамның әлеуетінің артуы зияткерлік капиталдың дамуына байланысты. «Біздің команда бұл жобаны қуанышпен және мақтанышпен қолдап, «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыттарының бірі «Білімнің салтанат құруының» дамуына үлес қосуға дайын. Кітап оқуды насихаттау қажет әрі маңызды! Сондықтан да оқыңыз және одан әрі дамыңыз»,-деп атап өтті Анна Валентова. 

WhatsApp Image 2019-11-01 at 10.43.34.jpeg

«Кітап оқып, рухани бай бол!» республикалық байқауы астаналық жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. «Меломан» алаңында жас ақындар өз авторлық шығармаларын оқып, отандық және шетелдік әдебиет туындыларын талқылады. Меморандумға қол қою аясында Нұр-Сұлтанның ерекше белсенді сайыскерлеріне Данияр Есин сыйлық сертификаттарын тарту етті. 

0Z9A9369.jpg

Байқауға кез-келген тұлға қатыса алатындығын естеріңізге саламыз. Бірінші кезең – әлеуметтік желілердегі эстафета. Қатысушы шығармадан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің және https://www.facebook.com/ruhani.kzhttps://www.instagram.com/ruhkz/ ортақ аккаунттарын белгілеп, инстаграмға жеке бетіне орналастыруы қажет, сондай-ақ байқаудың арнайы хештэгтерін #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol пайдалануы қажет. 

WhatsApp Image 2019-11-01 at 10.43.46.jpeg

Екінші кезеңге әлеуметтік желілерде ең көп лайктар мен репост жинаған қатысушылар өтеді. Олар үшін «Меломан», «Марвин» өңірлік кітап дүкендерінің бірінде немесе ұйымдастырушы айқындаған басқа орында көркем кітаптарды терең ұғынуға бағытталған пікірталастар ұйымдастырылады. Қазылар алқасынан алған ұпайларына сай, үздіктер ақтық кезеңге өтеді.

Байқау 2020 жылдың 1-ақпанынан дейін жалғасады.