Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Виталий Владимирович Ярошенко ҚР АКМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
В. Ярошенко 1977 жылы дүниеге келген. Ақмола аграрлық университетін (инженер-механик), Қазақ гуманитарлық заң университетін (заңгер), Көкшетау экономика және менеджмент институтын (ақпараттық жүйелер маманы) тәмамдаған.
2003 жылдан бастап байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарған. 2015–2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.