27 мау, 2021 сағат 23:15

ҚПЛ: «Ордабасы» төртінші орынға көтерілді

  

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он сегізінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінгі үшінші ойында Шымкентте «Ордабасы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. Аталған кездесуде алаң иелері жеңіске жету жолын іздеді. 

Нәтижесінде 13-минутта шымкенттік клубтан Сергей Хижниченко есеп ашты. Келесі кезекте Мирзад Механович 44, 68-минуттарда мергендік танытып, қос голдың авторы атанды. Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Сол арқылы шымкенттік клуб турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. 

Айта кетейік, бүгін аталған турда тағы екі кездесу өткізілді. Петропавлда «Қызылжар» мен елордалық «Астананы» 3:2, Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Қалған төрт ойын ертең, 28 маусымда болады. Бұл күні «Ақжайық» пен «Тараз», «Тобыл» мен «Қайрат», «Каспий» мен «Тұран», «Атырау» мен «Қайсар» жасыл алаңға шығады.