13 нау, 2023 сағат 14:49

Қостанайлық кандидаттар «Баян Сұлу» АҚ еңбек ұжымымен кездесті


Кездесуде сайлаушыларға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

«Баян Сұлу» – еліміздегі кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысатын ірі кәсіпорын. Зауыт 300-ден астам тауар түрін өндіреді.

Кездесу барысында кандидат Нұрбол Байзиров салық саясатын және басқа да заңнамалық актілерді қайта қарау арқылы партия ірі өндіруші компанияларға шикізатты елімізде қалдырып, терең өңдеуге инвестиция салудың тиімді болуына қол жеткізетінін атап өтті.


«Қазақстандықтар жоғары сапасымен халықаралық деңгейде танылу үшін «Қазақстанда жасалған» тауарларымен мақтанатын болады. Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканың күшіне сенім білдіреміз. Ірі, орта және шағын қазақстандық бизнесті қолдау арқылы экономикамызды одан әрі көтере аламыз», - деп толықтырды кандидат Аруна Жақсағұлова.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салады.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді