29 қаң, 2021 сағат 22:33

Қостанайда сауда орталықтарына «бомба қойған» күдіктіге іздеу салынды

Қостанай облысында жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан күдіктіге іздеу салынды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қостанай қаласында полиция ірі сауда орталықтарын қоршауға алғанын хабарладық. 

«29 қаңтар күні сағат 18:00-де полицияға сауда орталығында жарылғыш зат бар екендігі туралы жасырын хабарлама келді. «Март» және «Қостанай плаза» сауда орталықтарына келушілер эвакуацияланды», делінген ведомствоның хабарламасында. 

Қазір полиция шұғыл шараларды бастады. «Бомба» туралы жалған хабар таратқан күдіктіге іздеу салынды.