05 ақп, 2021 сағат 09:41

Қостанайда қылмыстық топ бюджеттен 484 млн теңгені жымқырған

Қостанай облысында ауыл шаруашылығына арналған жабдықты сатып алу кезінде қаражатты жымқыру дерегі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.

ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі Қостанай облысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тергеуде. 

Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген еді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.