Қырғызстанда Көшпелілер ойынындағы айтыста бас жүлде алған ақындар белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
5 қыркүйек күні Көшпелілер ойыны аясындағы суырып салма ақындардың айтысы мәресіне жетті. Жыр сайысы екі күнге созылды, оған Қазақстан мен Қырғызстанның 18 ақыны қатысты.
Гран‑при Қырғызстан ақыны Азамат Болгонбаев пен қазақстандық Мұхтар Ниязовқа тиесілі болды. Олар әрқайсысы 300 мың сом алды.
Бірінші орынды Жарқынбек Наушабеков пен қырғыз Болот Назаров алды, оларға 150 мың сом беріледі.
Екінші орынға берілетін 100 мың сомды қырғыз Амантай ҚҰтманалиев пен қазақстандық Нұрмат МАнсұров алды. Үшінші орын Асылбек Маратов пен қазақ ақыны Дидар Қамиев жеңіп алды. Олардың әрқайсысына 50 мың сом беріледі.