26 мам, 2020 сағат 16:00

Көшеде не үшін маска тағу керек – Айжан Есмағамбетованың жауабы

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова таза ауада да маска тағып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жабық ғимаратта қорғаныс маскасын тағып жүру міндетті. Ал күнделікті сандардың жағдайға қарай қалыптасатынын ұмытпау керек. Қазақстанда тіркелген аурудың 70 пайызы еш симптомсыз өткен. Яғни, ауру белгілері болмаса да, науқастар инфекция тасымалдаушы болған», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ашық ауада да маска тағуға кеңес береді және оның себептерін де көрсеткен. 

«Адам бір минутта 3-4 рет бетін, көзін ұстайды және оны өздері байқамайды. Оны қадағалап жүру де мүмкін емес. Бет пен көзді кір қолмен ұстау – инфекцияны жұқтырудың бір жолы. Ал маска ауызды, мұрынды жауып тұрады және шаң-тозаңнан, инфекциядан сақтайды. Сол үшін көшеде де маска тағып жүру ұсынылады. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады», - деді А. Есмағамбетова.