07 жел, 2022 сағат 14:36

Қошанов Ресей елшісінің мәлімдемесі туралы пікір білдірді


Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің Қазақстан туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Atameken business телеарнасына сілтеме жасап. 

Қошанов елшінің кейбір сөзі оның статусына сай келмейтінін айтады.  

"Бородавкин мырзаның сұхбатын қарап шықтым. Кейбір сөздері оның статусына сай келмейді. Бородавкин мырзаны тәжірибелі дипломат ретінде танимыз. Ол насихаттаушылар мен саясаттанушыларға ұқсамауы керек. Бұл біріншіден. Екіншіден, ксенофобия Ресейде де, өзге елдерде де бар. Сондықтан біз елдерімізге пайдалы іспен айналысуымыз керек. Саясаткерлердің сөзі екі елдің байланысына зиян келтірмеуі керек", - дейді Қошанов. 

Еске салайық, жақында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен руссофобия туралы мәлімдеген болатын.